Кездесуге Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев та қатысқан болатын. Округ әкімі Томан елді мекенінде көп жылдардан бері шешілмей келе жатқан ауылішілік электр желілерінің жаңғыртылу жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталатынын, сондай-ақ 80 орындық балабақша мен бірінші жартыжылдықта салынатын балалар ойыны алаңының құрылыс жұмыстары жөнінде ақпар берді. Ал депутат А. Жұмабекұлы ораза ұстап жүрген ауыл тұрғындарына арнап ауызашар беріп, үлкен кісілердің батасын алды.
Аяпберген САЛИХОВ