Исатай аудандық мәслихаттың ІІ сессиясы өтті

Аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусиннің жетекшілігімен аудандық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Онда алдымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болды. Оған аудан әкімі П. Хасанов, оның орынбасарлары, дербес бөлімдер басшылары, депутаттар қатысты.

Отырыста VIII шақырылымның  кезекті II  сессиясының күн тәртібіне шығарылатын мәселелер алдын ала қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде депутаттар А.Рахметов, А.Жұмабекұлы, С.Шарапиденов, Е.Әзірбаев, Ж. Есщанов және басқалар бюджеттің бүйірін толтыру үшін жергілікті салықтар мен төлемдерден түсетін түсімдерді көбейту мәселесін алға тартып, бюджетке қатысты көптеген көкейтесті сұрақтарын қойды. Сондай-ақ депутаттар  бір мәселені сессияның күн тәртібінен кейінге шегере тұруды ұсыныс етті. Сөйтіп депутаттар ұсынысы бойынша сессияда күн тәртібінде 12 мәселе қаралды.

Сессияда «2022 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынзер Сапаеваның, Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай, Нарын, Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдері Ғ. Боранбаевтың, А.Бекішұлының, Р.Әнуарбек-қызының, Д.Есмұхановтың, А. Абуовтың, А. Ғұбаштың және Ерлан Мақсотовтың «Ауылдық округтерінің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі» туралы баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашылардың айтуына қарағанда, аудан бойынша да, ауылдық округтерде де жеке табыс, жер, көлік, мүлік салықтарынан түсетін төлемдер мен түсімдер бекітілген жоспарға сай артығымен орындалған.

Сондай-ақ сессияда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ләззат Аккажиева да «2022 жылдағы Исатай аудандық бюджетінің атқарылуын ағымдағы бағалау жөніндегі облыстық тексеру комиссиясының есебі» туралы баяндама жасады.

Тексеру комиссиясы мүшесінің айтуына қарағанда, аудан бойынша талдау нәтижесі көрсеткендей, бюджетке түсуге тиісті түсімдер мен салықтар орындалғанымен, олардың кейбір көрсеткіштері төмендеп кеткен. Сондай-ақ ол бюджетке қаражат құю мақсатында алдын ала бекітілген  болжамдардың көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен түсіп кету фактілері де кездескенін жасырып қалмады . 

Сонымен бірге аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, жер және экология жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, депутат Аманжол Рахметов аталған мәселелер  төңірегінде өз пікірін білдіріп, шешім жобасына бірқатар ұсыныстар енгізді.

Бұдан кейін «Аудан көлеміндегі көтерме, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, стационарлық және көшпелі сауда, базарлар қызметі, қызмет көрсету және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Ермұхановтың,    «Аудан аумағында салынып жатқан ауылішілік жолдардың жайы туралы» және «Исатай ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы»  аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Болатқызы, «Аудан аумағындағы алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмек көрсетудің жайы туралы» аудандық аурухана директоры міндетін атқарушы Б.Қуанышевтің, «Исатай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы», «Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Елеубайұлының, «Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» және «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №123-VI. Исатай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат аппаратының басшысы М.Насихановтың хабарламалары тыңдалып, талқыға салынды. Бұл мәселелерге қатысты депутаттар да өз ой-пікірлерін ортағасалды. Сессияда күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты қаулы, шешімдер қабылданды.

 

Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521