ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Исатай аудан   әкімдігінің мәжіліс залында   аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының кезекті XIII сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, депутаттар, ауылдық округтер, мекеме, салалық бөлім басшылары қатысты.

 Алдымен таңертеңгі сағат 10.00-де тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы болды. Онда депутаттар күн тәртібіндегі көтерілген өзекті мәселелерді жан-жақты талқыға салып, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Жалпы күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша –«Аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылы атқарған жұмысының есебі туралы» аудандық мәслихат төрағасы А.Рахметов баяндама жасады. Сонымен бірге аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Сапаеваның «2024-2026 жылдарға арналған  аудандық бюджет туралы» хабарламасы тыңдалды. Осы екі мәселеге қатысты депутаттар өз ой-пікірлерін бөлісті.

Бұдан кейін аудандық мәслихат аппаратының басшысы М. Насиханов пен аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін уақытша атқарушы С. Сейітжанова «Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы  №24-VIII «Исатай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы», «Исатай ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «Аудандық мәслихат аппаратының 2024 жылға арналған штаттық кестесін және аппаратты ұстаудың шығындарын бекіту туралы», «Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы», «Құрмет грамотасы туралы» хабарламалары тыңдалды. Кезекті сессияда аталған жұмыстар депутаттар тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Мұнан соң аудан әкімі Нұрым Мусин биылғы жылдың соңғы сессияларының бірі екендігін айтып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқандарына алғыс білдірді. Аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын да сөзге тиек етіп, алдағы уақытта тез әрі сапалы сессияларда жүздесетініне сенім білдірді.

                                                                                                         Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521