ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

    Бүгін VIII шақырылымдағы Исатай аудандық мәслихатының кезектен тыс X сессиясы өтіп, онда ұйымдастыру мәселелері қаралды. Осы жылы 5  қарашада өткен аудан әкімдерінің сайлауында Исатай ауданының әкімі болып сайлануына байланысты, №6 сайлау округінен сайланған депутат Нұрым Бекежанұлы Мусин депутаттықтан және Исатай аудандық мәслихатының төрағасы лауазымынан босатылды. Сонымен қатар №10 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Шыманов Дулат өз арызына сәйкес аудан аумағынан тыс жерге қоныс аударуына байланысты депутаттық лауазымынан босатылды.

   

Исатай аудандық мәслихатының төрағасы болып №4 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Аманжол Идеятоллаұлы Рахметов депутаттардың бір ауыздан берген көпшілік дауысымен сайланды.

   Аманжол Идеятоллаұлы Рахметов 1969 жылы 26 желтоқсанда  Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген. Осыған дейін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты Исатай аудандық ветеринария станциясының басшысы болып қызмет атқарып келді.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521