Исатай аудандық сотының төрағасы орнын ауыстырды

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов жалпы отырыс барысында ұжымға облыстық соттың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Бұл жайында Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

s

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі Жарлығымен Атырау облыстық сотының судьяларының бірі болып, күні бүгінге дейін өңіріміздегі сот қызметіне сүбелі үлес қосқан Исатай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылған Алтыншаш Мағзомова тағайындалды.

Алтыншаш Мағзомова 1994 жылы еңбек жолын Құрманғазы аудандық сотының мұрағат меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары сот мәжілісінің хатшысы, кеңсе меңгерушісі, Мақат аудандық сотының судьясы болып қызмет еткен ол соңғы жылдары Исатай аудандық сотының төрағасы лауазымында болды.

s

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қызметінен босатылып, облыстық соттың судьялары болып тағайындалғандардың ішінде Анаргул Салихова мен Ерғали Убигалиев те бар.

Атырау облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін нығайтуда үлкен сәттілік және үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.

Өз тілегінде М.Бектұрғанов тағайындалған судьяларға судьяның жоғары мәртебесін ескертіп, сот этикасы кодексі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.

Өз тілшіміз

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика