Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды

"Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып азаматтық қорғау подполковнигі Ахбалин Ахат Наурызғалиұлы тағайындалды" деп хабарлайды "Нарын таңы".

Бұған дейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған азаматтық қорғау подполковнигі Абдуллин Бағдат Исатайұлы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметіне ауысыпты.

 

Ауданға арнайы іссапармен келген Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Жаңабаев Нұрлан Мақсотұлы кадрлық өзгерістермен таныстырды. 

 

Ахат Наурызғалиұлы - 1977 жылы дүниеге келген, Исатай ауданының тумасы. 2005 жылдан бері азаматтық қорғау саласында қызмет атқарып келеді. Бұған дейінгі соңғы лауазымы Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы. 

 

Аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы Абдуллин Бағдат Исатайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, Исатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына және төтенше жағдайлардың алдын-алу бағытында атқарған жұмыстары үшін “Ауданның Құрмет грамотасын” табыс етті.

 

Ал, аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов атқарған жұмыстары үшін Бағдат Исатайұлына алғыс білдіріп, Ахат Наурызғалиұлының жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521