Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне басшы болып Бегисинов Сейітжан Құспанұлы тағайындалды.

Сала басшысын аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов таныстырды.

С.Бегисинов 1969 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін дене тәрбиесінің мұғалімі және Атырау мұнай және газ институтын инженер-механик мамандықтары бойынша тамамдаған.

1991-1997 жылдар аралығында әр салада қызмет атқарған ол 1997-2020 жылдар аралығында «Темірәлі» ЖШС директоры болған.

2002-2009 – Атырау облыстық бокс федерациясында вице-президент, 2009-2010 - «Орал қалалық балалар мен жасөспірімдер бокс спорт мектебі» МҚКҚ әдіскері, 2010-2013 жылдары БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2013-2015 жылдары «Атырау қалалық №3 балалар-жасөспірімдер бокс спорт мектебі» МҚКҚ, 2015-2017 жылдары - «Бокстан Атырау облыстық мамандандырылған спорттық клубы» МҚКҚ, 2017-2020 жылдары - «Құспан» ЖШС директоры, 2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Исатай ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарып келді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521