Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа бастығы тағайындалды

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа бастығы болып Абдуллин Бағдат Исатайұлы тағайындалды.

Қысқаша айта кетер болсақ, Бағдат Абдуллин 1985 жылы Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.

2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша білім алған.

2007 жылы Атырау облыстық Өртке қарсы қызмет департаментінде қызмет жолын бастап, 2008-2009 жылдары Исатай аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінде инженер лауазымында қызмет атқарған.

2009 жыл мен 2013 жылдары Исатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде бас маман, 2013-2020 жылдары Махамбет, Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымында болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521