Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 9 шілде күні Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.А.Ержанов Департаменттің Құрманғазы және Исатай аудандарының ТЖБ жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.

Исатай ауданының ТЖБ-не азаматтық қорғау подполковнигі Ахбалин Ахат Наурызғалиұлы және Құрманғазы ауданының ТЖБ-не азаматтық қорғау майоры Сансызбаев Талғат Мерекеұлы тағайындалды.

Ахат Наурызғалиұлы өз мансабын 2005 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Исатай аудандық мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің аға маманы - аға анықтаушысы қызметінен бастады. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ахат Наурызғалиұлы Құрманғазы ауданы ТЖБ бастығы қызметін атқарды.

Ал, Талғат Мерекеұлы Атырау облысы ТЖД Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы қызметін атқарды. Азаматтық қорғау майоры Сансызбаев Талғат Мерекеұлы азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдан бастап қызмет етеді.

Өз қызметін Атырау облысы ӨҚД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері лауазымынан бастады. Содан кейін орта және аға басшы құрамның әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. Атырау облысы ТЖД әріптестерін жаңа лауазымдарымен құттықтап, шыдамдылық, рухтың беріктігі және арман жолында мәңгілік табыс тілейді! Жұмыс әрқашан оңай бола бермейді, бірақ ол сіздер үшін қолайлы болсын!

Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Сурет: Рахым Қойлыбаевтікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521