Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, қаңғыбастықпен қайыршылықтың алдын алу, сонымен қатар өзен, көлдердегі кәмелетке толмағандарға төнетін қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 шілде аралығында аудан аумағында "Жаз" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аудан бойынша шомылуға жабдықталмаған орындарында, көлдер, каналдар , жағажайларда жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастырылады.
Аудан полицейлері ата-аналардан жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін ұмытпауды сұрайды!