Исатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

Бұған дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің маманы қызметін атқарып келген Сейтжанова Салтанат Жулдыбайқызы осы бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған аудан әкімі аппаратының басшысы Рашид Мұқанов оны жаңа лауазымдағы жұмысымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Сейтжанова Салтанат Жулдыбаевна 1986 жылы 6 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2008 жылы Исатай аудандық Салық басқармасында бастаған ол 2011-2013 жылдары аралығында Аққыстау ауылындағы "Бәйтерек", 2013-2018 жылдары " Балдырған" балабақшаларында есепші болып қызмет еткен. 2018 жылдан күні бүгінге дейін Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келген.

Отбасылы.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз