Исатай ауданы әкімі құм өңіріндегі қыстақтарды аралады

Аудан әкімі Марат Мурзиев, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нүрберген Өтегенов, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов, аудан әкімі кеңесшісі Ринат Есқалилерден құралған топпен бірге Айбас құмындағы малшылармен кездесіп қайттық. Аудан әкімінің жоспарына сай ұйымдастырылған жұмыс сапары екі күнге созылды.

124986064_838036030281104_2965000945233532415_n 

- Ауданымызда мал өнімдерінде (ет, сүт) және мал санында өсім бар. Мәселен биылғы жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша аудан бойынша 4800,0 тонна ет өндірілсе, сүті 3782,0 тоннаны құрап отыр. Төрт түліктің санында да өсуде. Соның ішінде мүйізді қара – 20142, қой-ешкі – 38656, жылқы – 19263, түйе – 8351 артып отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш әлдеқалай басым. Құм өңірінде мал өсіруге қолайлы жерлердің мол екенін байқадық. Жаңбырдың болмауынан шөптің аз болуы әсер еткенмен, әр шаруагер өзіне қажетті мал азығын тасып алып жатыр екен. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде шаруагерлердің тұрмыс тіршілігі едәуір жақсарған, осыған дейін үкімет тарапынан субсидияланып, күн панельдері мен жел генераторлары ұсынылды, 50-ге тарта шаруагер өз еріктерімен интернет желісінде орнатып алды, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нүрберген Өтегенов.

124961087_838035850281122_3827167112258725360_n

Қыстақ тұрғындарының негізгі мәселесі жазғы уақытта жаңбырдың болмауынан жем-шөптің жылдағыдай дайындалмауы және тұщы судың тапшылығы төңірегінде болды. Сонымен қатар өңірде жабайы аңдардың көптігі және аңдардың төрт түлік басына жиі шабуыл жасайтындығын да тілге тиек ете кетті. Бұл аталған мәселелер бақылауда тұрғандығын түсіндірген аудан әкімі көп кешікпей бұл мәселелердің шешілетіндігіне сендірді. Шаруагерлер алдында аудан басшысы ең бастысы қаhарлы қысқа мал азығын уақытылы дайындап, тілсіз жаудан, мал ұрлығынан сақтану секілді сақтық шараларын басты назарда ұстау қажеттігін де атады.

125371671_838036083614432_9204237071784988618_n

Қыстақтарды аралау кезінде шаруагерлер де өздерін толғандыратын сұрақтарын жолдады. Оларға тұшымды жауап берген аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нүрберген Өтегенов ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар мен несиелендіруге арналған жобалармен таныстырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521