Исатай ауданының әкімі жерлестерін Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген 1-наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Қазақта “Қарғыс алма, алғыс ал” деген қанатты сөз бар. Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтіп келеді. Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды.

 Алғыс айту - атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжай қалпына шынайы тағзымның белгісі ретінде бастау алғаны баршамызға мәлім.

 

Талай қиын-қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген қазақ халқы, бірлік пен татулықты басты назарда ұстайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген асыл сөзге үңілсек, аудан тұрғындары да әр кезде бір біріне қолдау білдіріп, жұдырықтай жұмыла білетіні көңілімізді қуантпай қоймайды. Әр кезде ынтымақ пен береке-бірлікті ту еткен өлке жұртшылығына зор алғыс білдіргім келеді. Көңіліміз көктемдей жарқырап, бір-бірімізге деген ризашылығымыз артып, бір шаңырақ астындағы ауызбіршілігіміз баянды болғай.

 

Көңілімізге қуаныш сыйлар жақсы істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Осынау мерекемен сіздерді құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін! 

 

Алар алғысымыз көп болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521