Исатай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Нұрым Мусин актив отырысында жаңа аудан әкімінің орынбасарын таныстырды. Исатай ауданының әкімі Н.Мусиннің өкімімен 2025 жылғы 8 тамыздан  бастап Жанұзақов Жақсылық Жанұзақұлы Исатай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жанұзақов Жақсылық Жанұзақұлы 1985 жылы 9 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы және 2012 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Альянс Retail Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  агент, менеджер болып бастаған. 2008 жылы Атырау облысы филиалы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да несие беру бөлімі жетекші маманы, 2009 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2010 жылы Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың тамыз айында Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында білім беру, мәдениет, спорт және мұрағаттар саласындағы бюджеттік  бағдармаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың қазан айында Атырау облысы әкімі орынбасарының көмекшісі-бас маманы, 2011 жылы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалында клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімінің 1 санатты маманы, 2011 жылдың мамыр айында Атырау облысы әкімі орынбасарының көмекшісі - бас маманы, 2012 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында құқық қорғау органы және мемлекеттік аппарат бөлімінің бас маманы, 2013 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында инвестициалық саясат бөлімінің басшысы, 2015 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары, 2015 жылдың мамыр Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыда айында инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, 2017 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында инвестициалық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы, 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқарма басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

               Аудан басшысы Жақсылық Жанұзақұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, өзінің басқаруындағы бөлімдердің қызметін жандандыруды тапсырды.

 

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT