ИСАТАЙ АУДАНЫ КӨЛЕМІНДЕ 20-29 ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА “ТҰРМЫС” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

Фото: интернеттен

Аудан аумағында ағымдағы жылдың 20-29 қаңтар аралығында «ТҰРМЫС» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.  

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты жою, сондай-ақ оларға профилактикалық ықпал ететін шара 20-29 қаңтар аралығында өткізіледі.

"Тұрмыс" профилактикалық іс-шара барысында профилактикалық есепке алуға жататын тұлғалар, спирттік ішімдіктерге, есірткі және психотроптық заттарға әуес тұлғалар, отбасы-тұрмыстық саласында құқық бұзушылықтар жасайтындар, тұрмысы төмен отбасыларды есепке алу жүргізіледі. 

    Ішкі істер органдарында есепте тұрған маскүнемдер, нашақорлар, отбасы бұзақылары, тексеру барысында олармен жеке-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, сондай-ақ, қолайсыз отбасылар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі. 

Құқық бұзушылыққа аса бейім тұлғаларға заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу үшін жеке профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, үй-жайларына және учаскелік полиция пункттеріне жеткізіледі.  

Пәтер және аулаларды араланып, әкімшілік учаскелерде профилактикалық маңызы бар, оның ішінде ӘҚБтК-нің 73, 127, 133, 200, 440, 442, 461-баптары бойынша құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT