Исатай ауданы орталығында жаңартылған Жастар саябағы пайдалануға берілді

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Аққыстау ауылында «Жастар саябағына» ойын жабдықтарын орнату және ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Аққыстауда орталық алаңды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды» деп атап өтті Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев.

Бұдан бөлек, өткен жылы Исатай ауданы орталығында ​ «Qazaq eli», «Жастар саябағы», «Ардагерлер аллеясына» сәулеттік нысандар орнатылды. Еске сала кетелік,​ онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521