Исатай аудан әкімі аппаратының басшысы болып Махмутов Арманбек Амантайұлы тағайындалды.
Жаңа лауазым иесін аудан әкімі Нұрым Мусин актив отырысында таныстырып, әкім аппараты басшысына жүктелетін міндет зор екендігін тілге тиек етті.
-Аппарат басшысы жауапкершілігі мол қызмет.Оған қойылар талап жыл өткен сайын күшейіп келе жатыр.Аудандағы бөлімдердің, ауылдық округ әкімдіктердің жүйелі жұмыс істеуі де соған байланысты.Сол себепті, Арманбек Махмутовқа үлкен сенім артып отырмыз.Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі бар.Жұмыстың ыңғайын біледі.Берілген тапсырманы толықтай әрі уақытылы орындаған жөн.Қызметіңізге сәттілік тілеймін,-деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Махмутов Арманбек Амантайұлы 1987 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі - жоғары. 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тарих мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.
2018 жылы X.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару
академиясының түлегі. “Мемлекеттік саясат” мамандығының “Бизнес және басқару” магистрі.
Еңбек жолын 2011 жылы «ҚР КҚЖО» АҚ Автомектебінде әдіскер болып бастаған.
01.04.2012 - 04.06.2012 Исатай аудандық білім бөлімінің заңгері.
11.10.2012 - 14.08.2013 Исатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
14.08.2013 - 15.01.2015 Исатай ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің бас маманы;
15.01.2015 - 18.04.2017 Исатай ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы;
18.04.2017 - 04.12.2017 Исатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
05.12.2017 - 01.07.2024 Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарған.
2024 жылдың шілде айынан бастап Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.