Биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны 1-қыркүйектен басталды.
- Биылғы жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Қарулы Күштер Шекара қызметіне жүктемеге сәйкес біздің ауданнан 40-қа жуық мерзімді әскерге шақырылушы жөнелту жоспарлануда, - дейді Исатай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, капитан Дәрмен Токсейтов. Оның айтуынша, көктемде әскер қатарына ауданымыздан 35 шақырылушы жіберілген.
Әскер қатарына негізінен Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін, моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты, физикалық жағынан мығым азаматтар алынбақшы. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізілмекші.
Аяпберген САЛИХОВ
Сурет: ашық дереккөзден