Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінде аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиеваның жаңа оқу жылына қатысты көлемді мақаласы жарық көрді.
Ондағы мәлімет бойынша ауданымызда жаңа оқу жылына 1 сыныпқа келетін 596 оқушы электронды түрде қабылданған және 14 мектепте 1-4 сыныптар арасында (28,9 пайыз) 704 оқушы, 69 кезекші сыныптарда оқытылатын болады.
Сондай-ақ, Жасқайрат бастауыш мектебінде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 7 оқушы штаттық режимде оқытылатыны белгілі болды. Білім бөлімінің басшысы педагогтар мен оқушылардың үйіне интернет желісін қосылу және желінің жұмыс жасау қуатын арттыру жөнінде «Қазақтелеком» ЖЖТ-ның директоры Н.К.Макуловқа ұсыныс хаттары жолданғанын да айтып өтті.
«Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ 517 отбасындағы 1 075 оқушыға интернет желісін және ALTEL 4D модемін қондыру жұмыстары жалғасын табуда» дейді басшы.
Тоқталып өтер болсақ, Аққыстау ауылдық округінде -168 отбасында 420, Тұщықұдық ауылдық округінде - 108 отбасында 225, Қамысқала ауылдық округінде - 118 отбасында 162, Жанбай ауылдық округінде - 76 отбасында 178, Нарын ауылдық округінде - 9 отбасында 10, Исатай ауылдық округінде - 12 отбасында 26, Зинеденде - 26 отбасында 54 желіге мұқтаж оқушы бар.
-Аудан бойынша оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат жинақталып, мониторинг жүргізілді. Компьютерлері жоқ оқушыларға білім беру ұйымдарының теңгеріміндегі компьютер уақытша пайдалануға қайтарыммен берілді, - делінген мақалада.
Айта кетейік, еандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында мұғалім мен оқушы арасында қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқыту, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқытылады.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ