Исатай ауданында 1 жылда 565 жас жұмыспен қамтылған

«Исатай ауданында былтырғы жыл қорытындысы бойынша 565 жас жұмыспен қамтылған. Бұл бір жыл бұрынғы есептік көрсеткішпен салыстырғанда 24 пайызға көп» дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Ателов «Нарын таңы» тілшісіне берген сұхбатында.


-    Іргелі кәсіпорындарда, шағын және орта кәсіпкерлік саласында, мемлекеттік қызметте, өзге де мекемелерде 345 жас еңбек етеді. 153 жас – өзін жұмыспен қамтитындар. 
Жалпы аудан бойынша 14 пен 35 жас аралығында 9 мың 365 жас бар (4420-сы әйел, 4945-і ерлер). Оның 971-і – 14 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары,- дейді жастар ұйымының басшысы. 
-     «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 67 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа – 148, «Бастау бизнес» жобасына онлайн форматта 159 жас оқыды, мемлекеттік грант алғаны – 20, компания арқылы оқығаны – 10, әлеуметтік жұмысқа қатысқаны – 12, қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 67, жастар практикасына жіберілгені – 100, ұрпақтар келісім шарты жобасына – 2, алғашқы жұмыс орны жобасына жіберілгені 22 жас болса, ал 2,5 пайыз көлеміндегі несие бойынша 12 жас мүмкіндік алды. 
NEET деңгейі – 183 жасты құрайды. Олар жас-тар жұмыссыздығын азайту мақсатында Ұлттық жоба шеңберінде бірнеше мемлекеттік бағдарламаларға тартылып, уақытша және тұрақты жұмыстарға орналасып келеді, - деді аудандық жастар ресурстық оталығының басшысы Нұрдәулет Ателов.
Айта кетейік,  жастар үшін 31050,0 млн.  теңге қаражат бөлініп, 22 адам 18 айға уақытша әртүрлі жұмыстарға жіберілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521