Исатай ауданында 116 науқас тіркелді. Көз жұмғандар да бар

Исатай ауданында да ауру жұқтырғандар саны азаймай тұр.

COVID – 19-дан көз жұмғандар да тіркелуде. Емделіп, ауруынан айығып жатқандар да жоқ емес.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аудан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 116-ға жеткен. Олардың 64-і Аққыстау ауылынан анықталса, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Жанбай ауылдарында 16 науқастан тіркеліп отыр. Нарын ауылында 3, Исатай ауылында 1 адам індет жұқтырған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытгүл Қартмағанбетовадан білдік.

Оның айтуынша, соңғы науқастардың ауру белгілері бар. Естеріңізде болса, бұған дейінгі індет жұқтырғандардың басым көпшілігі симптомсыз күйде тіркелген болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521