Исатай ауданында 11819 адам дауыс берді

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы мәресіне жетті.

Аталған саяси дода Исатай ауданында да өз деңгейінде өтті. Таңғы уақыт 07:00-де басталған дауыс беру кешкі сағат 20:00-де тоқтатылды.

Қорытындыға келсек, Исатай ауданы бойынша барлығы 15 сайлау учаскесі жұмыс жасап, оларда 16565 сайлаушы тіркелген болатын. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Мендибаевтің мәліметі бойынша 11819 адам сайлауға дауыс берген. Бұл - исатайлықтардың 71,35 пайызы саяси науқанда белсенділік танытты деген сөз.

- Сайлау уақытында апатты жағдайлар орын алған жоқ, құқықбұзушылықтар анықталмады, ахуал тұрақты, - дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT