Атырауда «қызыл» мәртебемен қыдырып жүрген 30 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 күнге өзін-өзі оқшаулау режимін бұзып, «қызыл» мәртебемен қыдырып жүрген 30 адам анықталған.
«Оның ішінде Атырау қаласының 15 тұрғыны бар. Сондай-ақ, түрлі нысандарға Исатай ауданында - 6, Жылыойда – 3, Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Индерде 2 тұрғын «қызыл» мәртебемен келген. Бұл тұрғындар қауіпті вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болып, 14 күнге оқшаулану жөніндегі карантин талабын бұзған. Сол себептен оларға Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.