«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында былтыр 3 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді. Және 14 маманға көтерме ақы берілді. Сондай ақ, «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде 100 жас еңбекпен қамтылды. Ал, «Жастар тәжірибесімен»71 түлек қамтылып, оның 46-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы өткен жылы 1 805 адам жұмысқа тұрды» деп атап өтті спикер Марат Мурзиев.