Исатай ауданында 4 күнде 9 науқас тіркелді

Соңғы күндері Исатай ауданы бойынша да індет жұқтырғандар саны арта бастады.

Бұл жөнінде аудандық жедел штабтың мүшесі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытгүл Қартмағанбетова хабарлады.

- Маусымның 18-і күні Ерғалиев ауылынан 3 жағдай, 19-ында Аққыстау ауылынан 1 жағдай анықталды. Ал, келесі күні, яғни, маусымның 20-сында 3 науқас тіркелді. Олардың екеуі шағыммен, 1 скринингтен өту кезінде белгілі болды. Сондай-ақ 21 маусым күні күні 2 науқас скринингтен өту кезінде анықталып отыр. Қорыта айтқанда, жалпы ауданымыздан анықталып отырған науқас саны - 18. Олардың ішінде COVID-19 инфекциясының оң нәтижесімен анықталғандар 8-і скринингтен өту кезінде, 3-еуі шағыммен, қалған 5-еуі қарым-қатынастағылардан, 2-еуі профилактикалық мақсатта тапсырғандар, - дейді Бақытгүл Қартмағанбетова.

Айта кету керек, жүргізіліп отырған түсінік жұмыстарына қарамастан, елді мекендерде түрлі отбасылық шаралардың (еске алу, садақа, той, т.б.) өткізіліп жатқаны жасырын емес.

«Бұндай салғырттықтар, індеттің одан әрі өршіп, таралуына себеп болатыны анық. Сондықтан, ауыл тұрғындарын жағдайға түсіністікпен қарап, карантиндік сақтану шараларын қатаң ұстанып, жақын-жуықтарының денсаулығы мен өмірлеріне салғырт қарамауға шақырамыз» дейді ол.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521