Исатай ауданында 42 500 теңгелік бір жолғы төлемді 1203 адам алып үлгерді

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленген 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемге өтініштер биылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданатыны белгілі.

Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік маманы Сара Сегізбай аудан бойынша телеграмм желісі, egov.kz сайты, және Каспий голд қосымшасы арқылы тапсырған өтініштердің келіп түсіп жатқанын айтады.

- 42500 теңге шектеу іс-шаралары кезінде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлерге ғана тағайындалады. Шектеу қойылмаған кәсіпкерлер бұл көмекті ала алмайды, себебі, олардың жұмыстарына ешқандай кедергі жоқ. Біздің жұмысымыз - келген өтініштерді штаб отырысына дайындап, сол шыққан шешім бойынша төлемге жіберу, - дейді маман.

Оның айтуынша, қазіргі уақытқа дейін 363 адамға 369 өтініш келіп түсіп, 265 кәсіпкерден 268 адамға жіберілген өтініш төлемге жолданған. Кәсібі тоқтамағандықтан, 40 азаматтың өтініші кері қайтарылған. 58 өтініш штаб отырысында қаралуда.

Аудандық төлем орталығының басшысы Гүлбана Молдашеваның мәліметінше, күні бүгін барлығы 1203 исатайлық 42 мың 500 теңгені үлгерген. Олардың ішінде ұялы телефонға жіберілген хабарлама арқылы автоматты түрде тағайындалған төлемдер де бар.

Айта кетейік, шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:

1) жалақы сақталмайтын жұмысынан босатылған адамдарға;

2) орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлеріне;

3) жеке, дара кәсіпкерлерге;

4) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

5) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) БЖТ төлеушілерге беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан 2 АЕК-тен кем емес, яғни 5567 теңге көлемінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтығының құны есебінде тиісті санаттар бойынша төленеді.

Атап айтсақ, бұл төлем атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың ішіндегі 6-18 жасқа дейінгі балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, барлық жастағы І, ІІ, және ІІІ топ мүгедектеріне, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға, ресми жұмыссыз есебіне тіркелген адамдарға тиісті. Тағы бір айта кетерлігі, бұл үшін ешқайда барып өтініш берудің керегі жоқ, төлем сол азаматтардың есеп-шоттарына аударылатын болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521