Исатай ауданында 83 гектар жерге егін егіледі

«Биыл Исатай ауданында 67 гектарға мал азықтық дақылдар 10 гектарға көкөніс, 6 гектарға қауын-қарбыз егілмек. Оған 6 шаруа қожалығы, 10 жеке тұрғын тартылуда» деп хабарлайды «Нарын таңы».

  «Бұл егін егушілердің көпшілігі Қамысқала ауылдық округінен. Яғни «Бақсай» каналының жағалауынан  он шақты адам егін егуге кірісіп кетті» дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадыржан Ермұханов.

Ауылда «егін егеміз» деген  жеке тұрғындар мен шаруагерлерге аудан  әкімдігі мен сала басшылығы зор мүмкіндік асап отыр. Тіпті егумен айналысатын жергілікті тұрғындардың  жерлерін жыртып беруге арнайы трактор да плугымен бөлінуде. Айта кетуіміз керек, биылғы егінмен айналысушылардың көпшілігі осы Қамысқала ауылдық округінің төңірегінде орналасқан.

-    Біздің биылғы жұмысымызға аудан әкімдігі мен аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі үлкен қолғабыстарын жасауда. Қазір сол бізге бөлген шағын трактормен егіндік жерімізді жыртып жатырмыз. Бұл әрине, шаруагерлер үшін үлкен көмек. Егіндіктің қасына жылыжай салып қойдық.  Онда қауын-қарбызды отраскаларымен салып қойдық, амандық болса, оны өсіріп алғасын, бір демалыстың ішінде жерге отырғызуды бастайын деп отырмыз. Шағын трактор да алдық, бірақ бұл трактор жер жырту кезінде пайдаға аспай отыр. Оны тек грядкілер салуға пайдаланудамыз, - дейді Қамысқала ауылдық округінің тұрғыны Орынбай Дәулетияров.

Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Орынбай Дәулетияров зейнеткерлікке шықса да биыл тағы өз отбасымен бірге 4 гектар жерге қауын-қарбыз, қызанақ секілді көкөністерді көптеп өсіруді қолға алып отыр.                                                                                         

 Ержан ШЕРУЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT