Исатай ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті

Аудан орталығы Аққыстау ауылының Қаратүбек көшесінің Бақсай каналы бойында орналасқан ашық алаңға жаңадан көшеттер отырғызылды деп хабарлайды Исатай аудан әкімдігі.

Сазанқұрақ мекемесінің демеушілігімен көшет орғызылатын алаң толықтай қоршалып, жас шыбықтар алынды.

Тал отырғызу акциясына Аққыстау ауылында орналасқан мекеме ұжымдары, ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар белсенді атсалысты. Жас көшеттердің алдағы уақытта өсіп кетуі үшін күтіп баптау жұмыстары жүргізілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521