Исатай ауданында алты отбасыға – алты шаңырақ

суреттер автордікі

 

1-мамыр Бірлік күні қарсаңында Исатай ауданында көптен күткен қуаныш орын алды. Аққыстау ауылы мен Тұщықұдық ауылы және Өркен елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын алты отбасыға үш бөлмелі жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды. 

 

 

Аудан әкімі Нұрым Мусин жаңа қоныс иелерін арнайы құттықтап, жылы лебізін білдіріп, салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті.

 

 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, сатып алынған алты үйдің екеуі – І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, біреуі – толық емес отбасыға, қалған үшеуі көп балалы отбасыларға берілген.

 

 

Баспана мәселесі мұнымен шектелмейді. Аудан бойынша әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

 

Жақын арада тағы да 28 үй сатып алу жоспарланып отыр.

 

 

Сонымен қатар, NCOC компаниясының демеушілігімен Аққыстау ауылынан 60 пәтерлік үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

 

 

Бұл үйдің де 1-ші жартыжылдықта пайдалануға берілетіндігі хабарланды.

 

 

 

 

 

Жайна Ислат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT