Исатай ауданында «Алтын белгіге» үміткерлер саны артты

Исатай ауданында биылғы оқу жылында 1438 оқушы білім алып жатыр.

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Кенжегүл Хайрованың айтуынша, олардың 291-і 11-сыныпта болса, 433-і 9-сынып оқушылары. Оның ішінде 11 сынып бойынша 16-сы «Алтын белгіге», 8-і «Үздік аттестатқа, ал, 9-сынып бойынша 34-і «Үздік куәлікке» үміткер.

Сондай-ақ бас маман биыл 9-сынып (10) оқушыларының қорытынды емтихандары 28 мамыр мен 5 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды емтихандары 1-30 маусым аралығында өтеді.

Айта кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеу 6 мамырдан 30 маусымға дейін жалғасады. Сонымен қатар биыл мектептерде жазғы мектеп ашылады. Яғни, ата-аналар өз еркімен 1-10 сынып оқушыларын 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектепте оқыта алады.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521