Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау үшін құрылған ақпараттық топ мүшелері «Жалын» мәдениет үйінде кітапхана, музей, театр, мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ақпараттық топ мүшесі Ерболат Насимуллин бұл Жолдаудағы басты ерекшелік 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаржы түсуі, медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарау екенін атап өтті. Бұдан бөлек Жолдауда басқа да қоғам өмірінің маңызды жақтары кеңінен қамтылғанын жеткізді.
Сондай-ақ қатысушылар Мемлекет басшысы мәдениет саласының қызметкерлеріне көңіл бөлінбей келгенін, кітапхана, музей, театр, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтқаны үлкен үміт сыйлайтынын сөз қылды және де еңбекақыны көтерумен қатар, мәдениет саласы қызметкерлерінің, жас мамандардың жеңілдігі бар тұрғын үй бағадарламасына қатыса алатынына ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында ақпараттық топ мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың орындалысына, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуға шақырды.