Исатай ауданында «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды

Исатай ауданында «ашық әкімдік» кеңсесі ашылды.

Бұл жоба тұрғындарға ауданның әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізеді. Мұнда тұрғындардың сапалы, жедел әрі кәсіби қызмет алуына жағдай жасалған. Ғимараттың ашылу салтанатына Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, Атырау «Адалдық алаң» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиева және ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

2ase

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» жобасы аясында транспарентті мемлекет құруды тапсырған болатын. Осыған орай елімізде тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ашық әкімдік» ғимараттары ашылуда. Бүгінгі күні осындай «Ашық әкімдік» ғимараты біздің де ауданымызда ашылғалы тұр. Бұл тұрғындарға көрсетілетін қызметті қолжетімді қылу, сапасын көздейді. Біздің мақсат тұрғындарға көрсетілетін қызметті ыңғайлы етіп, бір орталыққа шоғырландыру. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың «еститін» мемлекет тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер ашық әрі жүйелі түрде көрсетілуі тиіс деген болатын. Бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатын болады. «Ашық әкімдік» жобасының жұмысына сәттілік тілеймін. Тұрғындардың қажеттілігіне орай қызмет етеді деп сенім білдіремін, - деді Исатай ауданы әкімі Мурзиев Марат Бисенғалиұлы.

21020es

Шараға жиналған қауым одан әрі кеңсе қызметімен танысты. Ашық әкімдікке атқару органдарының білікті мамандары шоғырландырылып, қабылдау кестесі жасалған. «Ашық әкімдіктің» қызметкерлері қабырғасы әйнекпен бөлінген кабинеттерде отырады. Ғимараттағы адамдар олардың жұмыс барысындағы әрбір әрекетін анық көре алады. Осы арқылы ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктері артпақ.

2as10

- Осындай «ашық әкімдік» ғимараттары болашақта Атырау облысының барлық 7 ауданында ашылатын болады және бірінші толқын мен екінші толқынды барлық ауылдық округтерге дейін жететін боламыз. Бұл «ашық әкімшіліктік» ең басты көздейтін мақсаты ол – халықпен тікелей диалог орнату. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында осы атқарып жатырған жұмысымыздың барлығы халықпен тікелей диалог орнатуға бағытталған. Бұл жерде халыққа ең маңызды 4 мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың өкілдері отырады. Алдағы күндерде тұрғындар өз мәселелері бойынша әкімшіліктің, басқа да мекемелердің табалдырығын тоздырмай ақ, осы жерде өздерінің мәселелері төңірегінде керекті жауаптарын ала алады, - деді Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы.

21020

Айта кетейік, қазіргі таңда бұл Атырау облысы бойынша ашылған екінші «Ашық әкімдік» ғимараты. Алғашқысы, осыған дейін Жылыой ауданында жұмысын бастаған болатын.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521