Исатай ауданында ата-аналар конференциясы өтті

Исатай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалын» мәдениет үйінде аудандық ата-аналар конференциясы өтті. Бұл жиынға аудандық «Қоғамдық кеңес» төрағасы Ерболат Насимуллин,  Ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Амиров,  полиция бөлімінің қызметкерлері  Мөлдір Мағазова мен Айсұлу Телеубаева, «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Ринат Орынғалиев,аудандық аналар кеңесі мен әкелер кеңесінің төрағалары және білім бөліміне қарасты 33 мекеме (16 мектеп, 12 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымы) қатысты.

Конференцияда  аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева алғы сөз легін алып, білім саласындағы  жаңалықтар мен атқарылған жұмыстарына тоқтала өтті. Келесі сөз кезегін алған полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мөлдір Мағазова да қазіргі таңда ата-аналар баланың өмір қауіпсіздігін бейжай қарамай, басты назарда ұстауын қаперге салды.


Әрмен қарай сахна төріне көтеріліп, тұщымды ой-пікірін айта білген теолог маман Ринат Орынғалиев бала тәрбиесіне ата-аналардың ескере бермейтін қателіктері туралы сөз етті.
-Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, жиынға қатысушылар!Бүгінгі осы конференцияда ата-ана ретінде емес, жас буын ретінде өз ойымды бөліскім келеді.Жалпы сөзімді бастамас бұрын, бір мысал келтірейін.Жалпы бәріміз білеміз, асыл дініміз –бала тәрбиесіне өте мұқият қараған.Ислам діні кең етек жайып, тарала бастағанда мұсылмандар басшысына бір кісі бес жасар ұлын ертіп, апарыпты.Ол  басшының алдына барып «менің бес жасар ұлым бар,оны қалай тәрбиелесем болады» деген сияқты сауалын жолдаған.Сол кезде әлгі басшы осылайша жауап берген екен, «ендеше, сен бес жылға кеш қалыпсын».Ең бірінші қадам балаңызға жақсы ата-ана таңдаудан басталады деген екен. Сондықтан әр баланың ішкі руханияты болатынын естен шығармаған жөн.Күнделікті өмірде әр ата-ана баласына жылынып киініп жүр, діни ағымдарға  немесе жолдан абайлап жүр деген сияқты тән бойына қажетті ескертпелерді айтып жүреді.Ал баланың жан дүниесі ше? Әр ата-ана баламен жұмыс жасау барысында  жан дүниесін рухани құндылықпен толықтыруын, діни теріс ағым жолға, өсек-өтірікке әуес болмауын ескертіп, айтып отыратын  адам қатары өте сирек. Сондықтан, әр бала мейлінше, жақынырақ, жан дүниесіне үңіліп жұмыс жасауымыз қажет,- деп сөзін қортындылады.
Одан бөлек, қазіргі заманда кездесетін отбасылық кикілжіңдерді сипаттайтын көрініс сахналанды. Көрініске ата-аналар өз ойларын білдіріп, талқылау жүргізді. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында  тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы –өзінің өмірін, тәжірбиесін жалғыстыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Соны есте шығармаған абзал.
                         

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521