Исатай ауданында «ATYRAU QUIZ» іріктеу ойыны өткізілді

«Жеті жарғы» қоғамдық қоры мен «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «Атырау жастарының зияткерлік білімін арттыру» жобасы аясында «ATYRAU QUIZ» іріктеу ойыны өткізілді.

Жалпы бұған дейін де аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен талай «QUIZ» ойыны жиі өткізіліп жүр. Аудан жастары да бұдан тысқары қалмай, аталған шараға жиі қатысып, тіпті машықтанып алған. Облыстық интеллектуалдық ойындардан қоржынымыз  құр қайтпайды.

Ал күні кеше өткізілген интеллектуалдық ойынға 10 команда, жалпы саны 70-ке жуық адам атсалысты. Атап айтсақ, олар  «Аджара гуджу», «Belsendi», «Ак и мат», «Ас адам», «Қазанат», «Атырау», «Хай,барби», «Village pride», «Фаворит» құрамалары белсене білек сыбана қатысты.

Түрлі логикалық сұрақтар, тапсырмалар қатысушылардың біраз ойландырып тастағаны анық. Сөйтіп, ойын қортын-дысында жүзден жүйрік  шыққан топ құрамалары «Ак и мат» 3-орын, «Belsendi» 2-орын, «Аджара гуджу»  1-орын иеленіп, облыстық ақтық мәреге жолдама алды.

Іріктеуден өткен командалар 9 тамыз күні өтетін облыстық финалда бақ сынайды. Бұл ақтық мәреге жалпы 500 мың теңге жүлде қоры тағайындалған. Ендеше, ауданның намысын қорғайтын белсенді жастарымызға сәттілік тілейміз.

                                                                                                                          

   Сағыныш САЙЛАУБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521