Исатай ауданында аудан әкімін сайлауы басталды

Елімізде алғаш рет қолға алынып отырған аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтуде. 

Бүгін– Исатай ауданы тұрғындары үшін де маңызды күн, себебі аудан әкімін сайлауы дәл уақытында басталды.

Таңғы сағат 7:00-де сайлаушыларға есігін айқара ашқан дауыс беру учаскелерінде ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалды.

Исатай ауданы бойынша барлығы 15883 сайлаушы, оның ішінде ерекше жағдайды талап ететін мүгедектігі бар 114 сайлаушы бар, аталған категориядағы адамдар үшін учаскелерде бұрыштар жасақталып, дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Аудан бойынша 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясы, оларда 102 комиссия мүшесі жұмыс жасайды.
Ал дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
 Естеріңізге сала кетейік Аққыстау ауылдық округіне қарасы 6 сайлау учаскесі бар. Атап айтсақ №133, 134,139,140,141,142 сайлау учаскелері.
Соның ішінде №133 Сайлау учаскесінде 1203 сайлаушы тіркелген.

 

Дәл қазіргі уақытта Исатай ауданындағы барлық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521