Исатай ауданында ауыл тұрғындарына арналған көпқабатты үй салынуда

Исатай ауданында 60 пәтерлі үйдің құрылысы 2019 жылы басталған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Брифинг барысында Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім еткендей, Аққыстау ауылында үш қабатты тұрғын үй салынып жатыр.

«Дан-Строй-База-ЛТД» мердігер компаниясы келесі жылы жаңа үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

- Аудан орталығында 320 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Тұщыдық ауылында 350 орындық мектепті кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жақын арада аяқталады, – деді әкім.

Исатайлықтарды мазалаған сауалдың бірі – газдандыру.

Қазір халықтың 97 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. «Биылғы жылы Амангелді ауылына да газ тартылды. Ал , келесі жылы Жасқайрат және Қызыл үй ауылдарына газ жүргізуді жоспарлап отыр» деп нақтылады спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз