Исатай ауданында байқаушылар сайлау барысына пікір білдірді

Исатай ауданында дауыс беру барысының қалай өтіп жатқандығы жөнінде байқаушылардың пікірін білген болатынбыз.

«Amanat» партиясы атынан сайлауға байқаушы ретінде қатысып отырған Айбарша Галимова:

- Байқаушылардың кедергісіз жұмыс жасауына барлық жағдай жасақталған. Байқағанымыз, дауыс беруге азаматтар көтеріңкі көңіл-күйде келіп жатыр. Бұл күн – еліміз үшін шешуші күн. Сондықтан сайлауға келген әрбір адамның даусы өте маңызды. Жалпы сайлау өз дәрежісінде өтіп жатқанын атап өткім келеді,-десе,

Азаматтық альянс партиясының байқаушысы Перизат Кайрова:

-Бүгін таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап дауыс беру қалай өткізіліп жатқанын сырттай бақылап отырмыз. Әзірге ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Учаскеде талаптар сақталған. Біздің міндетіміз – заңның сақталуын қадағалау. Ауыл тұрғындарының бәрі сайлауға үлкен дайындықпен келіп, өз таңдауларын жасауда. Мұның өзінен біз ауылдастарымыздың жоғарыда аталған мемлекеттік саяси оқиғаға көз жұма қарай алмайтындығын байқадық. Бір сөзбен айтқанда, учаскемізде кезектен тыс Президент сайлауы өз дәрежесінде өткізілуде,-деді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521