Исатай ауданында білім беру нысандары санитарлық талапқа сай ма?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде 104 баланың коронавирусқа шалдыққанын айтып, дабыл қақты.

01med

Осыған орай ауданымызда "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" бағытында Исатай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін басқылау басқармасының маманы Айзада Қуандықова мектептерді аралады.

01mectep

- Бүгінгі күні мектебімізде 374 бала кезекші сыныпта оқиды. Таңертең 16, ал түстен кейін 10 сынып білім алуда. Оқу орнында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап отырмыз. Балалардың қызуын өлшеу, медициналық маскаларын тексеру күнделікті жұмысымызға айналды. Әр екі сағат сайын сыныптарға тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық жерде антисептиктер орнатылған. Жылу жүйесін де мезгілінен ерте қостыртпақшымыз. Әзірге қызулап ауырғандар тіркелген жоқ, - дейді Аққыстау орта мектебінің мейірбикесі Тұрсын Әселова.

01abai

- Қыркүйек айынан бастап бастауыш кезекші сыныптары ашылып, 149 балаға мектептен білім алуға рұқсат берілді. Мектеп іші санитарлық талаптарға сай. Үзіліс кездерінде балаларды таза ауаға серуендетіп, жаттығу жасатамыз. Оқушылар да, ұстаздар де бетперде тастамайды. Десе де бетпердені әркім өз ақшасына сатып алып отыр. Біз тапсырысты әлдеқашан бергенбіз, бірақ, нақты қашан келетіні белгісіз - дейді Абай атындағы орта мектебі бастауыш сыныптарының оқу ісі меңгерушісі Гүлжан Хайдарова.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521