Исатай ауданында «Білім-ринг» зияткерлік ойыны өтті

"Атырау – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің Исатай ауданындағы өкілінің ұйымдастыруымен аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Білім-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдіктерді жою, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін арттыру мақсатында өткізілген зияткерлік ойынға ауданымыздағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ерікті жастардан құралған 6 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Ойынды «Атырау – Адалды алаңы» жобалық кеңсесінің Исатай ауданы бойынша өкілі Ақтанов Ербол Бауыржанұлы қадағалады.

Ойынның бас шарты – шапшаңдық. Қатысушылар сұрақтың жауабын тез табумен қатар, қарсыластарынан бұрын жауап беріп үлгерулері тиіс. Жеребе тарту рәсімімен басталған білім додасына алғашқы болып болып «MEMKIZMET.KZ» және «3D» командалары, екінші болып «ЖАС START» және «Интеллект» командары, үшінші «B-elsendi» және «Біз біргеміз» командары өзара тартысты сайыс өткізді. Сайыс барысында қатысушылар барынша белсенділік танытып, қойылған сауалдарға нақты жауап беруге тырысты. Нәтижесінде «ЖАС START» командасы жүлделі бірінші орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. «MEMKIZMET.KZ» командасы 2 орынға, «B-elsendi» командасы жүлделі 3 орынға лайықты деп танылды. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы марапаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

- Исатай ауданында өткізілген «Білім-ринг» зияткерлік ойыны - Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде жүзеге асырылып жатқан, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жоспарға сәйкес кезекті шарасы. Шараның негізгі мақсаты жемқорлыққа қарсы күрес, тұрғындардың жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін дамыту болып табылады. Бұл арқылы біз жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамаларды қаншалықты білетіндігін және құқықтық сауаттылығы қандай деңгейде екендігін байқаймыз, - деді жобалық кеңсенің Исатай ауданы бойынша өкілі Ербол Ақтанов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521