Исатай ауданында бірқатар нысандар пайдалануға беріледі

Исатай ауданында 250 орындық өнер мектебінің құрылысын жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде , - деп хабарлайды «Нарын таңы».

Бұл туралы облыс әкімі С.Шәпкенов ауданға болған іссапары барысында айтып өтті. Одан бөлек басқа да құрылыстардың жүру барысына тоқталды. 

  - Бүгінде Аққыстау ауылы, Өркен елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталуда (176,5 млн. теңге. Мердігер – «ГрадСтрой Сервис» ЖШС) және Жасқайрат елді мекенінде «Ауылдық медициналық пункттің (153, 2 млн, теңге. Мердігер – «Декор» ЖШС) құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Бұл өз кезегінде медициналық қызметтің қолжетімділігін одан әрі арттырады деген сенімдемін.

Х.Ерғалиев және Исатай ауылдарынан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған болатын. Ағымдағы жылдың аяғында аяқтап, аудан тұрғындарының пайдалануына беріледі (Х.Ерғалиев ауылы-461,9 млн. теңге. Мердігер – «МВМ Констракшн ЖШС. Исатай ауылы –(480,1 млн. теңге. Мердігер – «ConstructionGroup «SAMRUK» ЖШС). 

Бұдан басқа жас бүлдіршіндер үшін Томан елді мекені (466,4 млн. теңге. Мердігер – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС) мен Нарын ауы-лынан (621,3 млн, теңге. Мердігер – «Ақмешіт» ЖШС) 80 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, келер жылы пайдалануға беру жоспарлануда, - деді облыс басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521