Исатай ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Исатай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Ондағы мақсат – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады. Жәрмеңкеге жұмыссыз тұрғындар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

Жыл басынан бері бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 3 рет өткізіліп, 449 бос жұмыс орындарына сұраныс жарияланды. Оған 212 адам қатысып, нәтижесінде 123 жұмыссыз азаматтардың түйіндемесі алынып, 11 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар іс-шараны өткізу барысында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тарапынан келген барлық азаматтарға және жеке заңды тұлға өкілдеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша біліктілік, кеңестік көмек көрсетіліп, тиісті бағыттар берілді.

Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде «Denholm Zholdas», «Рубеж Секьюрити» ЖШС, «Isker Consortium» ЖШС, «ККС Сичим» ЖШС, «Исатай аудандық полиция бөлімі» ММ, «Қайсар-Атырау» ТОО, «Болашақ Атырау» ЖШС, «Каспиойл Секьюрити» ЖШС, «Тенгизшевройл» ЖШС, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөлімі» ММ-не жұмыссыз азаматтардың түйіндемелері жіберілді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521