Исатай ауданында бюджетті қалай үнемдейді?

Исатай ауданының әкімдігінің мамандары мемлекеттік бюджетті үнемдеудің ұтымды жолын тапқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.   

Есептен шығаруға жататын ескі арнайы техниканы күрделі жөндеудің арқасында олар ақшаны үнемдей алды. Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022-2023 жылдары олар 1 тиегішті, 1 экскаваторды және 2 тракторды қалпына келтірген екен.
 «Мысалы, егер жиынтықтауыштары бар жаңа трактордың бағасы 23 млн теңгені құраса, оны жөндеу небәрі 6 млн. 180 мың теңгеге шықты. Біз осылайша бір тиегіш, бір экскаватор мен екі тракторды жөндеп, қалпына келтірдік. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін тағы бір тракторды жөндеу жоспарлануда» деді аудан әкімі. 
Жалпы, Полымбет Хасановтың айтуынша, Исатай аудандық округінің жеті ауылдық округінің теңгерімінде 2012-2019 жылдары шыққан 23 арнайы техника бар. Олар тұрмыстық қатты қалдықтарды санитарлық тазарту, қар күреу және ауылдық округтердің сумен жабдықтау бағытында пайдаланылады. 
 «Соңғы төрт жылда біз «Беларусь-82,1» маркалы бір трактор, бір «ГАЗ-С41R13» қоқыс тасығыш, бір «КамАЗ»-вакуум, бір трактор-экскаватор сатып алдық. Олардың барлығы да жұмыс жасап тұр» деп түйіндеді аудан басшысы.   

 

Қасиет Бахкерейқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT