Исатай ауданында дауыс беру тоқтатылды

Исатай ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен 20:00-де тоқтатылды. Исатай ауданы әкімі сайлауына 3 кандидат қатысты. Қазір сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері жәшікті ашып, бюллетеньдерді іріктеп, дауыстарды санауға көшті. Бүлінген және пайдаланылмаған бюллетеньдерді жою үшін арнайы акт жасалатын болады.

Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сайлау қорытындысы арнайы хаттамаға түсіріліп, қол қойлып, бекітіледі. Дауыстар саналып болғаннан кейін, қорытындысы ақпарат тақталары мен ақпарат құралдарында жарияланады.

Айта кетейік, ауданымызда барлығы 15 883 сайлаушы бар. Аудан бойынша 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясында барлығы 102 комиссия мүшесі жұмыс жасады.

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы Ғұбашев алғаш рет өтіп тұрған аудан әкімін сайлауға тұрғындардың қатысуы белсенділігі жоғары болғанын тілге тиек етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521