Исатай ауданында депутат дәрігерлік амбулаторияға генератор сыйлады

Бүгін Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясына аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Жұмабеков демеушілік жасап, генератор сыйға тартты.

Бұған дейін сайлаушыларына берген уәдесін орындаған депутаттың сыйлаған генераторы жанармаймен жұмыс істейді, электр желісі істен шыққан уақытта қолдануға арналған.
Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Дина Салихованың айтуынша, Тұщықұдық ауылында ауа райының қолайсыз күндері электр желісі жиі істен шығып тұрады. Әсіресе, қыстың күні жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс жасап тұруы маңызды. Сол үшін амбулаторияға генератор қажет болған.

3f81238d-9d7f-40cd-95f5-0521da493710
«Amanat» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрым Мусин: -Партияның сайлауалды бағдарламасының Исатай ауданы бойынша Жол картасында құрылыс нысандарына партиялық мониторинг жүргізу көзделген. Осыған орай, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу кезінде аптасына екі рет мониторинг жүргізіп отырды. Нәтижесінде, біраз олқылықтар дер кезінде қалпына келтірілді. Бірақ жобада қарастырылмай қалған құрылғылар бар. Соның бірі – осы генератор. Тапсырыс берушіге хабарласып, мән-жайды білдік, бюджеттік өтінім беретіндерін айтты. Бірақ оған біраз уақыт кететін болғандықтан, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, депутат Асхат Жұмабеков демеушілік жасап, өзі «алып беремін» деп уәде еткен, бүгін соны табыстап жатырмыз,-деді.
Асхат Жұмабековтың айтуынша, құрылғының қуаты тек жылу жүйесін ғана емес, амбулаторияның жарық шамдарын, компьютерлерді де пайдалануға жетеді, бір жылға кепілі бар.

-Мен өзім дәрігерлер отбасында өскендіктен, денсаулық сақтау саласының қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Сондықтан аз да болса, қолдау білдірген дұрыс деп шештім,-дейді депутат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521