«Жыл басынан бері Исатай ауданында 1 797 адам жұмыс іздеп хабарласқан. Оның ішінде 1 736 адам жұмысқа орналастырылған» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

- Қазіргі уақытта Истай ауданында ресми жұмыссыздар саны – 648. Ал, жыл басынан бері 1 736 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 63 адам қайта даярлау біліктілігін арттыру курстарына оқытылды. Жеті жүзден аса адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, қырық үш адам әлеуметтік жұмысқа, жетпіс бір адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, - деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, Марат Мурзиев «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 800-ден аса адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

- Қазіргі уақытта «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларға бастапқы кезде 781 адамды жұмыспен қамту көзделген болатын. Ал орындалысында 853 адам еңбеке араласты, - деді Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

