Исатай ауданында індет жұқтырғандар саны 21-ге жетті

Бұрын шеттен жеткен хабарының өзі жаға ұстатқан коронавирус індеті бүгін іргемізден ін қазып алғандай.

Қазір ғана Исатай ауданынан инфекция жұқтырған тағы үш адам анықталғаны белгілі болды. Ол жайлы Исатай ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Бақытгүл Қартмағанбетова хабарлады.

- Бүгін, яғни, 22 маусым күні Исатай ауданынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 науқас тіркелді. Олар Х.Ерғалиев, Аққыстау, Жанбай ауылдарынан анықталып отыр. Науқастардың үшеуі де симптомсыз. Біреуі шағым, қалған екеуі скрининг арқылы белгілі болды, - дейді маман.

Бақытгүл Қартмағанбетованың айтуынша, шағыммен анықталған науқас 17 маусымнан бастап өзінен ауру белгілерін байқаған. Қызулап, жөтеле бастаған соң арнайы тексеруден өткен азамат сараптама қорытындысы шыққанша ем қабылдап, жөтелі басылған көрінеді. Күні бүгін COVID-19 инфекциясы табылған науқаста дәл бастапқы кезеңдегідей белгілер жоқ.

Исатай ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған тұрғындарға карантин жарияланғанын да айта кетейік.

Сонымен, бүгін аудан бойынша індет жұқтырғандар саны 21-ге жетті. Олардың ішінде бақылаудан алынған 6 ошақтан бөлек 7-еуі Х.Ерғалиев ауылынан, 2-еуі - Жанбайдан, қалған 6 науқас Аққыстаудан тіркеліп отыр.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз