Исатай ауданында инновациялық жоба иелері кәсіптері туралы айтты

Былтыр Аққыстау ауылдық округі бойынша кәсіпке ынталы азаматтар инновациялық жобаға ауданымызда жоқ тың идеяларын ұсынған болатын.

Бұл туралы Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев хабарлады.

4811881d-fe6c-401e-99ca-0355289a385a

- Жалпы аудан бойынша 4 инновациялық жоба қайтарымсыз қаржыға ие болды. Биыл соның екеуі іске қосылды, - дейді ол.

Біз қайтарымсыз грантқа ие болған осы екі тұрғынның жұмыстарымен таныспақ болып, кәсіпкерлік нысандарында болып қайттық.

a6c53fc9-cb11-4f12-b83a-ca7166cf95ac

Бекежан Құмарұлы, грант иегері, “Бекет” ЖК басшысы:

- Биыл мемлекеттік грандқа ие болып, гранит пен мрамордан құлпытастар ескерткішін дайындау орнын аштық. Күні бүгінге дейін аудан бойынша бұл бағытта қызмет көрсететін кәсіпкерлер жоқ еді. Біздің бәсекелес кәсіпорындардан ерекшелігіміз, берген тапсырысты бір тәуліктің ішінде дайындап береміз. Соның арқасында ауыл тұрғындарының үлкен сұранысына ие болып отырмыз.

Дүйсенбай Сырымұлы, грант иегері, “Сырымқызы” ЖК қызметкері:

- 2019 жылы ауданымызда жоқ су тазарту цехын ашу жобасын ұсынып, грант иегері атандық. Бұл істі алғаш қолға алған қарындасым болатын. Үкімет берген 2 миллион теңгеге кәсібімізге қажетті құрылғылар алып, бүгінде ауыл тұрғындарын таза ауыз суымен қамтып отырмыз. Аппарат сағатына 500 литр таза су шығарады. Алдағы уақытта екі адамды жұмыспен қамту ойымызда бар.

9f640fd1-41ab-4db9-bf2a-86ae86b9f405

Нұрберген Өтегенов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жүйесін қолдау жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Алдыңғы жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 64 жоба іске асса, биыл 30 жоба қайтарымсыз грант иесі атанды. Және де жыл соңына дейін тағы конкурс ұйымдастыру ойымызда бар. Соған сәйкес жас кәсіпкерлер дайындаған жобаларын ұсынуға болады.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521