Исатай ауданында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша дөңгелек үстел өтті

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының жанынан құрылған өңірлік кеңесінің мүшелері кәсіпкерлермен бірлесе отырып, олардың құқығын қорғау бойынша дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды "Naryn tany" газеті.

Дөңгелек үстелде ҚР Президенті және ҚР Бас Прокурорының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тапсырмалары талқыланды. Жиында  аудан прокурорының көмекшісі Жандос Хайдаров кәсіпкерлердің мәселелері мен құқығы бойынша түсіндірді. Жалпы, кәсіп иелерінің құқығын қорғау - прокуратура органдарындағы жұмыстың басым бағыттарының бірі. Сондықтан ол ауданда кәсіпкерлерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндап, жиынға қатысушыларды мазалаған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстар үнемі жіті бақылауда болатынын қаперлеріне берді. Жиналыс барысында бірқатар кәсіпкерлердің өзекті мәселелері көтеріліп, аудан прокурорының көмекшісі тиісті лауазым иелеріне тапсырмалар берді.Қазіргі таңда аудан аумағында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мобильді топ жұмыс жасауда. Оның барысында аталған топқа түскен өтініштерді қарау нәтижесімен бірнеше кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521