Исатай ауданында халықтың 52%-ы дауыс беріп үлгерген

Сурет: ашық дереккөз

Исатай ауданының сайлаушылары бүгінгі науқанда белсенділік танытуда. Исатай ауданы бойынша жергілікті уақытпен 17:00 -де 8316 сайлаушы дауыс берді, бұл сайлаушылардың -52%-ын құрайды. 


Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы Ғұбашевтың айтуынша арыз шағым түскен жоқ. Заң бұзушылық та орын алмаған. Жағдай тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, ауданда барлығы 15883 сайлаушы, оның ішінде ерекше жағдайды талап ететін мүгедектігі бар 114 сайлаушы бар, аталған категориядағы адамдар үшін учаскелерде бұрыштар жасақталып, дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Аудан бойынша 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясы, оларда 102 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Барлық сайлау учаскелері 5 қараша күні таңғы  сағат 07:00-де сайлаушыларды қабылдауды бастаған, дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521