Исатай ауданында ХҚКО жұмысын бастады

Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Исатай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметін бастады.

Құжатқа сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бүгіннен бастап аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын жалғастырды. Бұл туралы мекеме басшысы Индира Дүсіпқалиеваға телефон арқылы хабарласып білдік.

shon

- Бүгіннен, яғни, 18 мамырдан бастап қызметмізді бастадық. Жұмыс кестесі бұрынғыша, таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін құжат қабылданады. Ал, жеке куәлікке қатысты кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайтын боламыз. Өйткені, келушілер саны өте көп. Оған себеп азаматтардың көбі елде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты төлқұжатын ауыстыру уақытын өткізіп алған. Келушілердің саны өте көп, талапқа сай санитарлық нормалар сақталуда, - дейді аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Индира Дүсіпқалиева.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521